Қысқы спорт • 03 Наурыз, 2019

Универсиада-2019: Қазақстан қоржынындағы алғашқы жүлде Жанбота Алдабергенованың еншісінде

1044 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Красноярск қаласында өтіп жатқан биылғы Универсиадада Қазақстан құрамасының қоржынына түскен алғашқы медаль Жанбота Алдабергенованың еншісінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Универсиада-2019: Қазақстан қоржынындағы алғашқы жүлде Жанбота Алдабергенованың еншісінде

Жанбота Алдабергенова «шаңғы акробатикасында» 79,38 ұпаймен қола жүлдені иеленді. Осы сайыста 100,29 ұпаймен бірінші орынды Белорусь спортшысы Александра Рамановская алды, екінші орында 91,29 ұпаймен ресейлік Любовь Никитина тұр.

Тағы бір қазақстандық фристайлисшы Аяна Жолдас 4-орынға тұрақтады. Еске сала кетсек, 23 жастағы Жанбота Алдабергенова көптеген Еуропа кубогы кезеңдері, әлем біріншілігі, Қазасқтан кубоктарының жүлдегері.