Әлем • 04 Наурыз, 2019

Оскар: Жүлде үлестіру саясаты

1327 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

«Оскар» сыйлығының биыл 90 жылдық мерейтойы. Ғасырға жуық тарихы бар бұл жүлде кино майталмандарына беріледі. Дегенмен оның айналасында әлемді айналып өтпейтін сая­си көзқарастар қақтығысы мен сахна сыртындағы толассыз пікірталастар жиі көрініс та­бады. Өйткені онда бір кино немесе жалғыз әртіске ғана емес, көпке ортақ мәселелер бар.

Оскар: Жүлде үлестіру саясаты

«Оскар» – АҚШ Кино академия­сының сыйлығы. Сондықтан бұл жүлдені алу батысты, алпауыт АҚШ-ты мойындатумен бағаланады. Сарапшылардың сөзіне сенсек, «Оскар» төңір­егіндегі нәсілшілдік мәселесі соңғы 5-10 жылда көптеген кикілжіңдер мен пікірталастарға себеп­кер болған. Бірақ кино сыншысы Әсия Бағдәулетқызы ондағы талас-тартысқа түрткі болатын түйткілдер мұнымен толастамайтынын айтады. «Оскардың» жалпы нәсілге және жынысқа қатысты сая­саты айқындалып қалған. Оған қоса кейінгі кезде «көп қаралым жинаған, көрерменнің кө­ңілінен шыққан фильмдер неге «Оскар» алмайды?» деген әңгімелер де өрбіді. Осыдан соң биыл комикс болса да «Қара Пантера» (Black Panter) «Үздік фильм­ге» үміткер қатарынан кө­рінді», дейді. Кино сын­шысының айтуынша, биылғы нәтижеде «Оскар» – бар тарапқа құшағы ашық» деген имидж үшін жасалған дүниелер ешкімді рен­жітпеуге, қайсыбір қөз­қа­растағыларды қалыс қалд­ырмауға тырыс­қан.

«Оскардағы» кей «даудың ба­сы» дінге барып тіреледі. Махер­шала Әли 2017 жылы 2016-да экранға шық­қан «Ай жа­ры­ғы» (Moonlight) рөлі үшін «Ос­карды» алды. Оны сол сәтте осы сыйлықты алған алғашқы мұсылман деп жариялап жатты. Бірақ Махер­шаланы тегі Әли болса да, мұсылман емес дейтіндер бар. Оған нақты себептер де жоқ емес. Оның анасы – дін қыз­­меткері, ал әкесі – театр ак­тері. Махершала есімі оған Биб­­лиядағы пайғамбардың құр­метіне қойылған. Хрис­тиан дінінде тәр­биеленіп өскен ол кейін исламды қабылдайды. Алайда, оны жақтырмайтындар бас­қа діннен келгендіктен емес, «Ахмадия» ағымын ұста­натындықтан мойындамайды. 

Ал би­ылғы бас­­­­­ты но­ми­­­на­ция жө­­­нінде ки­­но сыншы Джин Сеймур (Gene Seymour) CNN-ге берген пікірінде: «Жасыл кі­таптың» жы­луы, гол­ливудтың ұжым­дық ұмтылысы Трамп қарамағындағы әкімшіліктің тарапынан болып жатқан қазіргі нәсілдік қарым-қатынастардағы шиеленіске қарсы соққы беруі мүмкін», деп бұған дейінгі даудан да күрделі проблемаға тоқталады. Оның ойынша, түнгі клубта қызық қуған ақ нәсілді адамның жанында сүйкімді, жағымды рөлдегі қара нәсілді афроамерикандықтың арасындағы қарым-қатынас үлкен ойдың басын ашады.

Ә.Бағдәулетқызы «Жасыл кі­тап­тың» же­ңіске жеткен себе­бін «Оскардың» саясаты мен ұста­ным­дарына барлық жағынан сай келгендіктен деп түсіндіреді. «Бұл – ақтар мен қаралардың ортасында көпір болып тұрған фильм. Сондай-ақ жыныстық мәселелер де көрініс тапқан», дейді ол. Сарапшының пікірінше, түзу жолдағы ме­йірімді қара адам бойындағы кей құн­дылықтарын жоғалтқан ақ нәсілдіні өзгертеді. Мұнда «өмірде бір-бірі­мізді түсініп, нәсілшілдікті жою үшін бір-ақ нәрсе керек, ол – бір-бірімізбен әңгімелесу» деген ойлар бар. 

Ал кино редактор, сыншы Кэтрин Шоард (Catherine Shoard) биылғы «Ос­кар» сый­­лығының берілуі жө­ніндегі қайшы­лықтарды келтіре келе, «Академия өз дауыс бе­рушілерінің талғамын бақылай алмайды», деп сынады. Ол егер осылай жалғаса берсе, аудиторияның ауқымды бөлігі шу шы­ғаруы не теріс айналуы мүмкін деген пікірде. 

Өзімізге оралайық. Қазақ қыз­дары, бүркітші қыз Ай­шолпан Нұр­ғайыпқызы түскен деректі фильм мен Самал Еслямова басты рөлде ой­наған «Айка» «Оскар» сый­лығына ұсынылған еді. Жүз жылға жуықтаған ха­лықаралық сыйлыққа сай болуға бізде ұмты­лыстың өзі жоқ секілді. Өйткені осынша уа­қыт өтсе де, номинация алмақ түгілі үздікке үміткер болған ешбірі жоқ. Жоғарыда аталған екі фильмді де бар болғаны қазақ қыздары ой­на­ғандықтан іш тартып тұрмыз. Әйтпесе... Иә, әйтпесе екеуі де қазақ киносы емес. «Қазақ фильмдері «Оскар» сый­лығын алу үшін жоғарыдағы сая­сат бағдарымен таныс болуы керек. Әлемге ортақ мәселелерге негізделген, әсіресе дәл осы жүлдеде батыстың гуманистік ойларымен санасқан, солармен үндескен дүниелер өтеді. Өйткені мұндай әлемдік жүлделер, әрине белгілі бір мөлшерде фильмнің көркемдік ерекшелігіне қарайды, алайда, негізінен оның идеялық құн­дылығына, көзқарастар сәйкестігіне баса назар ауда­рады», дейді ол. Иә, себебі де салмақты, бұл ұлтаралық, нәсілдік, жыныстық, халық­ара­лық конфликтіге ұласып кетуі мүм­кін. Әйтпегенде акаде­мияның өзі бір-біріне тіпті қарама-қай­шы көз­қарастармен сана­­сып отырмас еді ғой. Міне, сон­дықтан сын­шы айт­қандай, «Оскар­ды» көз­десек, бізге кей нәрселерді құр­бан­дық­қа шалуға тура келеді...

Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ,

«Egemen Qazaqstan»