Күрес • 04 Наурыз, 2019

Күрес түрлерінен Болгариядағы турнирде қазақстандықтар үш қола иеленді

1041 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Болгарияда күрес түрлерінен «Дан Колов-Никола Петров» халықаралық турнирінің соңғы жарыс күні өтуде. Қазақстан қоржыны кезекті қола жүлдемен толықты. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Күрес түрлерінен Болгариядағы турнирде қазақстандықтар үш қола иеленді

Әйелдер күресінен 76 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Эльмира Сыздықова қола жүлдегер атанды. Кіші финалда ол норвегиялық қарсыласынан басым түсті. 

Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақтағы Мейіржан Шермахамбет пен 77 келідегі Темірлан Шадукаев та турнирдің қола жүлдегерлері қатарында. Мейіржан ресейлік Алексей Киянкинді 7:1, Темірлан қырғыз балуаны Қайратбек Туголбаевты 6:5 есебімен жеңді. 

Бұған дейін еркін күрестен Нұрислам Санаев турнир жеңімпазы атанса, грек-рим күресінің өкілі Қорлан Жақаншв күміс, Хусейн Мульцогов пен Аманғали Бекболатов қола жүлде жеңіп алды. 

Сондай-ақ, әйелдер күресінен Мария Седнева күміс, Жұлдыз Ешімова қола медаль иегері атанды.