Қазақстан • 04 Наурыз, 2019

Б.Атамқұлов: Сыртқы саясат мемлекетті стратегиялық жағынан сауатты көрсетуге мүмкіндік береді

1197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелік етуі жаһандық саяси процестердегі шиеленістердің бұрын-соңды болмаған деңгейіне дөп келді. Бұл туралы БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіндегі қызметінің негізгі қорытындылары туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.

Б.Атамқұлов: Сыртқы саясат мемлекетті стратегиялық жағынан сауатты көрсетуге мүмкіндік береді

«Өзара сенімнің терең дағдарысы мемлекеттердің келісімге келу қабілетіне және тұтастай Кеңес жұмысының тиімділігіне теріс әсер етті. Таяу Шығыстағы, Сириядағы, Африкадағы шиеленісті дағдарыстар мен қақтығыстар, Корей Халық Демократиялық Республикасы, Иран мен Украинадағы және басқа да елдердегі жағдайлар біздің сыртқы саяси тәсілдемелеріміздің беріктігіне әлденеше рет жасалған сын болды» деді Бейбіт Атамқұлов.

Министрдің айтуынша, прагматизм қағидаттарына, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту мақсатында өзара тиімді ымыраны іздеуге бағытталған теңгерімді және бейбіт сүйгіш сыртқы саясат мемлекетті стратегиялық жағынан сауатты көрсетуге мүмкіндік берді.

«Астананың месседжі айқын – ол «блоктық ойлаудан» арылу және әлемдік күн тәртібінің түйінді мәселелері бойынша бәтуаға қол жеткізу үшін жетекші державалардың арасында инклюзивтік диалогтың қажеттігі. Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмысы кезіндегі жетістіктердің көбіне-көп Мемлекет басшысының сыртқы саясаттағы белсенді қызметінің және оның принциптік бейбіт сүйгіш бастамаларының арқасында мүмкін болғанына еш күмән жоқ» деді ол.