Аймақтар • 04 Наурыз, 2019

Жамбыл облысына жаңа прокурор тағайындалды

1364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Құсайынов Жарқын Қуанышұлы Жамбыл облысының прокуроры болып тағайындалды.

Жамбыл облысына жаңа прокурор тағайындалды

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Е.Кененбаевпен  Жамбыл облысының әкімі А.Мырзахметов жаңа прокурорды облыс активімен таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Ж.Құсайынов 1976 жылы Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік заң университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы Бас прокуратураның Істерін басқару кеңсесінің инспекторынан бастап, Алматы гарнизонының әскери прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Бас әскери прокуратураның Бөлім прокуроры, аға прокуроры, Алматы қаласы прокуратурасының Басқарма прокуроры, Басқарма бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

Алматы қаласы прокуратурасының Медеу, Әуезов ауданы прокурорының орынбасары, Бас прокуратура Департаменті Бөлімінің бастығы, Алматы қаласы прокуратурасының Басқарма бастығы болды. Заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі жеткен жетістіктері үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Тағайындауға дейін Жамбыл облысы прокурорының орынбасары қызметін атқарды. Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 20 жылдан асады.