Қазақстан • 04 Наурыз, 2019

Түркістан: «Ашық есік» күні - аналарға арналуда

1139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде Түркістан облысының барлық аудандарында көпбалалы аналарды қолдау мақсатында «Ашық есік» күні өтуде. Яғни көпбалалы аналар мен балалар медициналық тексеруден өтіп, дәрігерлік көмек алуда.

Түркістан: «Ашық есік» күні - аналарға арналуда

Мысалы, Жетісай аудандық орталық ауруханасына қарасты бірнеше ауылдық емхана мұндай игілікті іс-шараны «Анаға тағзым» тақырыбымен ұйымдастырып жатыр. Жетісай қалалық емханасы мен Мырзашоқы және Жылысу ауылдық емханаларында 800-ден астам көпбалалы аналар мен 200-ге жуық балаға медициналық тексеру жасалып, зертханалық талдаудан, ультрадыбыстық зерттеуден өткізілді. Олардың ішінде 60-қа жуық «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелері бар. Медициналық тексеру нәтижесінде үш емханаға қарасты 162 адамнан әртүрлі деңгейдегі сырқат түрлері анықталған. Олардың барлығы тиісті емін алып, дәрігер бақылауына алынды.

Ал шалғайда орналасқан Мырзашоқы ауылының халқы үшін жылжымалы медициналық кешен қойылған. Өздігінен жүре алмайтындарға аурухана басшылығы тарапынан арнайы көлік ұйымдастырылды. Емханаларда балалар невропатологы, хирург, кардиолог, акушер-гинекологтар, жалпы тәжірибелі дәрігерлер мен балалар дәрігерлері психолог және әлеуметтік қызметкерлер қабылдау жүргізді.

Келушілерге ақпараттық танымдық парақшалары таратылып, ана мен бала денсаулығының маңызды екені, оның ішінде арнаулы екпелерді белгіленген мерзімде алу керектігі айтылуда. Сондай - ақ аналарға сый-сияпат жасалып, балаларға ойыншықтар таратылып берілді.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Egemen Qazaqstan»

Түркістан облысы