Қазақстан • 04 Наурыз, 2019

Отандық дизайнерлер арасында байқау жарияланды

1259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ALTYN OIMAQ» байқауына Қазақстанның кез-келген азаматы өз шығармашылық жұмыстарын ұсына алады.

Отандық дизайнерлер арасында байқау жарияланды

«ALTYN OIMAQ» байқауының мақсаты - ұлттық брендтегі киім-кешектер мен әшекейлерді қалыптастыру және оларды кеңінен таныту, жаңа есімдер мен брендтерді таныстыру және қолдау, сонымен қатар қазақстандық жеңіл өнеркәсіпті дамыту және сұранысты ынталандыру. Байқау Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қорымен ұйымдастырылып отыр», - деді «Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қоры» ҚҚ директоры Адиля Түгел.

Байқаудың міндеті – жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында киім өндірушілері мен дизайнерлері арасында кәсіби диалог алаңын құру

«Байқау бірнеше кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезеңде өтінімдер қабылданып, комиссиямен байқау лауреаттары іріктеледі. Екінші кезеңде үміткерлер қоғамдық онлайн-дауыс беруге қатысады. Үшінші кезең – Бас жүлдені тапсыру, алты лауреаттың ішінен жеңімпаз таңдалады. «ALTYN OIMAQ» байқауының жеңімпаздарын марапаттау 25 желтоқсанда өтеді», - деді А.Түгел.

Байқауға қатысу өтінімдері www.fundwomen.kz сайты арқылы қабылданады.

Айта кетсек, «ALTYN OIMAQ» байқауының Бас жүлдесіне алғашқы үміткерлер 2019 жыл маусымда Астанада өтетін Жеңіл өнеркәсіп форумында жарияланады.