Спорт • 05 Наурыз, 2019

«Сарыарқа» келесі кезеңге шықты

877 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жоғары хоккей лигасында (ЖХЛ) өнер көрсетіп жүрген Қарағандының «Сарыарқа» клубы плей-офф додасының ширек финалының жолдамасына иелік еттік. 

«Сарыарқа» келесі кезеңге шықты

Осы межедегі соңғы ойынын өз мұз айдынында өткізген жерлестеріміз Ханты-Мансийскінің «Юграсын» 4:1 есебімен ұтты. Бұл бәсекеде қарағандылық ойыншылар арасынан Павел Махановский, Артур Сарваров, Кирилл Тамбиев және Артур Зиазов мергендік танытты. Тағы бір айта кетерлік жайт, Тамбиев бұл матчта тек гол ғана соғып қана қоймай, өз әріптестеріне үш рет нәтижелі пас берді.

Бұған дейін «Сарыарқа» айтулы команданы екі мәрте ұтқан болатын. Қонақта өткен қос ойын 2:1 (овертайм) және 3:2 есептерімен қарағандылықтардың пайдасынан шешілген еді. Ал соңғы кездесудегі жеңістен соң жерлестерміз ширек финалға жолдама алды.

 Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»