Спорт • 05 Наурыз, 2019

Әлем чемпионаты басталды

967 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Астанада шахматтан ерлер мен әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионаты басталды. 

Әлем чемпионаты басталды

Айтулы жарыста Қытай, Әзербайжан, Иран, АҚШ, Мысыр, Ресей, Польша, Ұлыбритания, Үндістан, Украина, Грузия, Мажарстан, Армения және Қазақстанның шахматшылары шеберлік байқасуда. Солардың арасында әлем мен құрлық чемпиондары, FIDE рейтингіндегі үздік алты команда, жарыс қожайындары және FIDE президентінің нұсқауымен қосылған қос команда бар. Барлығы – 20 ұжым. 

Астанадағы әлем чемпионаты барысында Қазақстанның намысын Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Гүлісхан Нақбаева, Гүлмира Дәулетова, Бибісара Асаубаева, Мәдина Дәулетбаева, Ринат Жұмабаев, Мұртас Қажығалиев, Әнуар Исмағамбетов, Денис Махнев және Петр Костенко сынды ойыншылар қорғауда.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»