Аймақтар • 05 Наурыз, 2019

Сенаторлар Ақмола облысындағы мектеп пен медициналық орталықтың қызметкерлерімен кездесті

1045 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаттары Рашит Әкімов, Дәурен Әділбеков және Дулат Құсдәулетов Ақмола облысындағы Астрахан ауданы, Петровка ауылындағы мектеп пен медициналық орталықтың қызметкерлерімен кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Сенаторлар Ақмола облысындағы мектеп пен медициналық орталықтың қызметкерлерімен кездесті

Депутаттар жұртшылықпен жүздесу барысында «Нұр Отан» XVIII съезінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың берген тапсырмаларын талқылады.

Талқылау барысында депутаттар 2019 жылғы 1 шілдеден бастап бюджет саласының қызметкерлерінің еңбекақысы 30 пайызға дейін ұлғаятынын атап өтті. Бұл білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет және ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін 1 миллионнан астам мемлекеттік қызметкерлерді қамтиды. Мәселен, медицина саласындағы кіші буындағы қызметкерлерінің еңбекақысы 65 мың теңгеге дейін, орта буын мамандарының еңбекақысы 100 мың теңгеге дейін ұлғаяды.

Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысының бастамаларын іске асырудың тиімді тетіктері туралы пікір алмасты және азаматтардың әл-ауқаты көзделген меженің сапалы орындалуына байланысты екені айтылды.

Сапар барысында депутаттар әлеуметтік дәріхана орналасқан фельдшерлік-акушерлік бекетте болды, онда дәрі-дәрмектер Петровка кентінің тұрғындарына арзан бағамен сатылады. Сондай-ақ 160 орындық ауылдың мәдениет үйі  мен ауыл кітапхананың жұмысымен танысты.

Парламентшілер Новочеркасск ауылында сүт өнімдерін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі «Нұр-А» мекемесінің жұмысымен де танысты.

Сенаторлар сондай-ақ «Тасбұлақ» минералды су шығаратын өндіріс орнында болды. Мұнда лимонад сусындар шығарылады, ал 2019 жылдың соңына дейін табиғи шырындар өндіретін болады.

Соңғы жаңалықтар