Қазақстан • 06 Наурыз, 2019

Агроөнеркәсіп кешені саласындағы бағдарламаларды іске асыру мәселелері талқыланды

1012 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаттары Марат Тағымов, Мұхтар Жұмағазиев пен Аңсар Мұсаханов аймақтарға жұмыс сапары аясында Ақтөбе облысында болды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Агроөнеркәсіп кешені саласындағы бағдарламаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Сенаторлар аймаққа «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде айтылған Президент тапсырмаларын түсіндіру мақсатында келген болатын. Депутаттар облыс әкімі Оңдасын Оразалинмен кездесіп, аймақтың бүгінгі таңдағы жағдайы мен оны әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі мәселелері талқыланды. Сондай-ақ агроөнеркәсіп кешені саласындағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру, жол инфрақұрылымын дамыту және аймақтың елді мекендерін аббаттандыру мәселелері де қозғалды.

Сенаторлар «Мұрагер-22» балық зауытында және «ГринКапиталҚазақстан» жылыжай кешенінде болды. Еңбек ұжымымен кездесу барысында депутаттар «Нұр Отан» партиясы кезекті съезінің негізгі қорытындылары туралы айтып берді. «Актеп» аграрлық кәсіпорын ұжымымен жүздесуде қызу талқылау өрістеді. Талқылаудың басты тақырыбы – ауылшаруашылығы өндірушілерін мемлекеттік субсидиялауды заңнама тұрғысынан реттеу мәселелері болды.

Алдағы күндерде сенаторлардың Хромтау, Алға және Мартөк аудандарының тұрғындарымен кездесуі жоспарланып отыр. Сондай-ақ, өңірдің бірқатар кәсіпорындарының жұмысымен танысу да алдағы жоспарда тұр.