Депутат кездесулер барысында Елбасының алға қойған міндеттерін іске асыру жолындағы ел Парламентінің заң шығару қызметінің барысы туралы жан-жақты айтып берді.
Жергілікті тұрғындар жүздесулерде әлеуметтік қамсыздандыру, табысы төмен көп балалы отбасыларға қолдау көрсету, сондай-ақ халықтың табысын көтеру мәселелерін көтерді. Ауыл тұрғындары сенаторға жаңа үй салу, жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, өмір сүру үшін қолайлы жағдайлар жасау қажеттігі туралы айтты.
М.Жолдасбаев «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында, облыстық орталық ауруханада, Кенен Әзірбаев мұражайында болды және №29, №13 мектепетердің қызметкерлерімен кездесті.