Қазақстан • 06 Наурыз, 2019

Талдықорғандық студент 2 баланы өрттен құтқарды

1059 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорғандық студент өрт шыққан пәтерден 2 баланы құтқарды. Оқиға бүгін, түске таяу болған.

Талдықорғандық студент 2 баланы өрттен құтқарды

Фото: tengrinews.kz

Университтегі сабағына асыққан студент Арман Бақытбайұлы жол бойындағы үйдің екінші қабатынан көмек сұраған балалардың айғайын естиді. Пәтердің терезесінен түтін шығып жатқан болатын.

- Балконнан жылаған қыздың даусын естіп жүгіріп келсем, терезеден түтін шығып жатыр екен. Жедел 101 қызметіне телефон соқтым, ар жақтан көмек жолға шыққанын айтты. Содан 2-қабатқа келіп, есікті тартып ем, іштен жабылыпты. Қайта сыртқа шығып, газ құбыры арқылы жоғары өрмеледім.  Үлкен қыз кіші сіңлісін жетелеп балконға шықты. Алдымен 2 жасар қызды көтеріп алып, төменге түстім. Қайта өрмелеп, үлкен қызды да құтқардым, - дейді батыл жүректі Арман.

Оқиға орнына келген төтенше жағдай қызметкерлері тұтанған өртті сөндіріп, балаларға дәргерілік көмек көрсетті. Оқиға кезінде балалар пәтерде оңаша болған екен. Осылайша қағілез студент 2 баланың өмірін сақтап қалды.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы