Парламент • 07 Наурыз, 2019

Сенатор Шемонайха ауданын аралады

985 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаты Сергей Плотниковтың Шығыс Қазақстан облысындағы жұмыс бабындағы сапары Шемонайха ауданында жалғасты. 

Сенатор Шемонайха ауданын аралады

Сенатор Первомай кентіндегі Ертіс химия-металлургия зауытының басшылығымен кездесіп, «Hұp Отан» партиясының XVIII съезінде Мемлекет басшысы жария еткен әлеуметтік бастамаларды талқылады.

Қазіргі кезде сақтауға қойылған кәсіпорын жабдықтары жаңғырту мен жаңартуды қажет етеді. Зауыт басшылығы сирек кездесетін ниобий, тантал, молибден, вольфрам, цирконий секілді металдар өндірісін жетілдіруді және терең өңдеуді жолға қоюды көздеп отыр. Бұл сала еліміздің экономикасын дамытуға ауқымды үлес қосып, экспорттық әлеуетті арттыра түседі.

Сенатор кездесу барысында Парламент жоғарғы Палатасының заң шығару қызметі және кейінгі кездегі қабылданған заңдар туралы хабардар етті. Сондай-ақ алда тұрған міндеттер туралы айта келіп, әлеуметтік бастамалардың маңызы, көп балалы табысы аз отбасыларды қолдау, зейнетақы және жәрдемақыға қатысты жаңалықтар жайында әңгіме өрістеді. Тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік инфрақұрылымдарды жаңғырту мәселелері туралы айтылды.