Аймақтар • 09 Наурыз, 2019

Сенат депутаттары Атырау облысына барды

1192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаты Ғұмар Дүйсембаевтың Атырау облысындағы жұмыс сапары барысында облыс әкімдігінде облыстық мәслихат депутаттарымен және аудандық мәслихат хатшыларымен, мемлекеттік органдар басшыларымен кездесті. Онда «Нұр Отан» партиясының съезінде жария етілген «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасынан туындайтын міндеттер талқыланып, алдағы уақытта аймақта атқарылатын шаралар белгіленді. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Сенат депутаттары Атырау облысына барды

Депутат сол күні Атырау қаласындағы робот техникаларын шығаратын «Жігер мұнай сервис» мекемесінде болып, еңбек ұжымымен кездесті. Жүздесуде еңбек қарқынын арттыру, жаңа технологияларды қолдану және кәсіпорын табысын ұлғайту мәселелері туралы айтылды.

Сенатордың жұмыс сапары Мақат ауданында одан әрі жалғасты. Мақат кентінде аудан активімен, мәслихат депутаттарымен, ауылдық округтер әкімдерімен, құқық қорғау органдары қызметкерлерімен, шаруа қожалықтарының басшыларымен болған кездесуде сенатор «Нұр Отан» партиясының XVIII съезіндегі Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың әлеуметтік бастамаларын жан-жақты түсіндірді.

Депутатқа әлеуметтік бағдарламаның маңызды тұстары, атап айтқанда табысы төмен көп балалы отбасыларды қолдау, айлығы аз азаматтардың еңбекақысын көтеру және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға берілетін жәрдемақылар туралы сұрақтар қойылды. Сенатор қойылған сауалдарға жауап беріп, алда тұрған ауқымды міндеттер жайында әңгімеледі.