Аймақтар • 09 Наурыз, 2019

Депутат Ә.Нұралиев Тараз жұртшылығымен кездесті

1148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Парламент Сенатының депутаты Әбдәлі Нұралиев жұмыс бабындағы сапармен Тараз қаласында болды.

Депутат Ә.Нұралиев Тараз жұртшылығымен кездесті

Сенатор Жастар жылы аясындағы шараларға орай Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің студенттерімен кездесті. Университет ректоры Ерболат Саурықов студенттердің робототехника, химия өнімдерін қайта өңдеу және қолданбалы өнер саласындағы жетістіктері туралы әңгімеледі.

Ә.Нұралиев Мемлекет басшысының «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде жария еткен «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты»  бағдарламасына назар аударып, өз ойларын ортаға салды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша алдағы үш жылға жоспарланған бағдарламаларды және жоспарларды жүзеге асыруға қосымша 2 триллион 350 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаржы бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлерінің еңбекақысын 30 пайызға ұлғайтуға, көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетуге, білім беру мен денсаулық сақтауды дамытуға, сондай-ақ тұрғын үйге қол жеткізу мүмкіндіктерін арттыруға бағытталатын болады», - деді сенатор.

Депутат сондай-ақ №28 балабақшаға және «Сәуле» кондитерлік фабрикасында болды. Сондай-ақ «Желтоксан-86» мұражайы мен Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябаққа барып, 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының тарихын бейнелейтін жәдігерлермен танысты.