Аймақтар • 09 Наурыз, 2019

Өскеменде жазасын өтеушілер арасында шағын футболдан турнир өтті

1075 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Жастар жылы аясында Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ОВ 156/22 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде 2 наурыз күні жазасын өтеушілер арасында шағын футболдан турнир өтті. Турнирге төрт команда қатысты.

Өскеменде жазасын өтеушілер арасында шағын футболдан турнир өтті

«Біз футболды бекерге таңдаған жоқпыз. Футбол – әлемдегі ең танымал спорт түрі. Командалар жарысқа ерекше дайындықпен келіпті. Ойын тартысқа толы болды. Финалға екі команда шықты. Бірінші команда өздерінің мықтылығын танытып, бірінші таймда-ақ қарсыластар қақпасына екі гол салды. Нәтижесінде 4:1 есебімен жеңіске жетті. Мекеме басшылығы алдағы уақытта спорттың басқа түрлерінен де осындай жарыс ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Өйткені, спорт арқылы біз сотталушыларды салауатты өмір салтына бейімдейміз», - дейді аталған мекеменің тәрбие бөлімінің бастығы Рустам Сейітқазинов.

Турнирдің жабылу салтанатында мекеме бастығы, әділет майоры Б.Ниязбеков пен сайысты ұйымдастырушылар сөз сөйлеп, командаларды құттықтап, барлық ойыншыларға алғыс білдіріп, жеңімпаздарға грамота тапсырды.

 Азамат ҚАСЫМ,

«Egemen Qazaqstan»

ӨСКЕМЕН 

Соңғы жаңалықтар