Әлем • 09 Наурыз, 2019

Қазақстан ерлер құрамасы шаңғы жарысынан Универсиаданың күмісін иеленді

943 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Красноярскіде өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындары аясында шаңғы жарысынан ерлер арасындағы эстафета аяқталды. Қазақстан командасы күміс медаль иегері атанды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстан ерлер құрамасы шаңғы жарысынан Универсиаданың күмісін иеленді

Қатысушылар 7,5 шақырымға созылған 4 кезеңді басып өтуі тиіс. Жарысқа жалпы есебі 15 команда қатысты. 

Қазақстандықтар Ресейді алға жіберіп, екінші орын иеленді. Үшінші сатыда Финляндия спортшылары.

Әйелдер арасындағы эстафетада Қазақстан 4-ші орыннан көрінген болатын.