Хоккей • 10 Наурыз, 2019

«Барыс» Гагарин кубогінің ширек финалына шықты

861 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық «Барыс» Гагарин кубогінің ширек финалына жолдама алды. Құрлықтық хоккей лигасы плэй-офф кезеңінің 1/8 финалында «Барыс» Нижний Новгород қаласының «Торпедо» клубымен кездескен. Сериядағы алғашқы алты ойыннан кейін есеп 3:3 болып тұрған.

«Барыс» Гагарин кубогінің ширек финалына шықты

Жетінші матч Астанада өтті. Матч жылдам голмен басталды. Алғашқы минутта Диц айдын иелерін алға шығарды. Бірақ алғашқы үзіліске дейін «Торпедо» есепті теңестіріп тастады.

Екінші кезеңде де командалар бір шайбадан салып шықты. Фрэтиннің голына қонақтар Семиннің шайбасымен жауап қатты. Матчтың ғана емес, 7 матчтық серияның тағдыры үшінші кезеңде шешілді. Диц дубль авторы атанып, «Барыстың» үшінші шайбасын соққан.

Қорытынды есеп – 3:2. «Барыс» ширек финалға шықты.

Гагарин кубогі. 1/8 финал. «Барыс» - «Торпедо» - 3:2 1:0 - Диц (Орехов, Кормье).  1:1 - Волченков (Аляев, Галузин).  2:1 - Фрэттин.  2:2 - Семин (Варнаков).  3:2 - Диц (Шевченко)