Аймақтар • 11 Наурыз, 2019

Түркістан: Сарыағаш ауданында 585 пәтерлі 13 тұрғын үй салынып жатыр

1289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында 5 қабаттан тұратын 45 пәтерлі 13 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылысы 2018 жылы басталған тұрғын үйлер биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан: Сарыағаш ауданында 585 пәтерлі 13 тұрғын үй салынып жатыр

Бұл жобаларға облыстық бюджеттен 5 млрд теңгеден астам қаржы бағытталып отыр. Көпқабатты тұрғын үйді салу үшін Қапланбек оқу тәжірибе шаруашылығы аумағынан 120 гектарға жуық жер телімі бөлінген. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң 585 отбасы қоныс тойын тойлайтын болады.

Бұдан басқа, аудандағы Құркелес ауылдық округінде 300 және 600 орындық екі мектептің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, Қапланбек елдімекеніндегі Жәутіков атындағы мектепке оқу корпусы мен спорт залы, асхана және шеберханасы салынуда. Сонымен қатар, Жылға ауылдық округінде Ғ.Мұстафин атындағы 300 орындық мектеп және  Дарбаза ауылдық округінде мектепке қосымша 150 орындық оқу корпусы мен жиналыс залы, спорт зал, асхана және шеберханалары бой көтеруде.