Президент • 11 Наурыз, 2019

Зейнетақы қоры 19 наурызда Ашық есік күнін өткізеді

901 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы күндері «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасын ұйымдастырмақ.

Зейнетақы қоры 19 наурызда Ашық есік күнін өткізеді

2019 жылдың 19 наурызында «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының барлық филиалында таңғы сағат 10:00-да «2019 жылы күшіне енген, ҚР зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер» тақырыбы бойынша «Ашық есік күні» шарасы өткізілмек. Келушілер биыл күшіне енген, зейнетақы заңнамасындағы барлық өзгерістер туралы толыққанды менөздерін қызықтырған сұрақтар бойынша ақыл-кеңес ала алады.         

«Ашық есік күні» шарасы аясында мынадай сұрақтар көтеріледі:

– жеке зейнетақы шоттарын автоматты түрде ашу рәсімі;

– азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстар мен қызметтер атқаратын жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын төлеу рәсімін оңайлату;

– Бірыңғай жиынтық төлемді енгізу;

– бекітілген кесте бойынша зейнетақы төлемдерін есептеу;

– зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша өтініш беру.

«БЖЗҚ» АҚ салымшылар мен алушыларды және барлық келем деушілерді «Ашық есік күні» шарасына шақырады.

Зейнетақы қоры шара Алматы қаласында Қордың Алматы қалалық  филиалының Шевченко көшесі, 80 мекен-жайында өтетіндігін хабарлайды.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ