Саясат • 11 Наурыз, 2019

Қазақстан мен Мажарстан арасында экономикалық диалогты дамыту талқыланды

1074 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Будапештте Қазақстан мен Мажарстан арасында экономикалық диалогты дамыту талқыланды.

Қазақстан мен Мажарстан арасында экономикалық диалогты дамыту талқыланды

Будапештте Қазақстан мен Мажарстан арасында экономикалық диалогты дамыту талқыланды

Мемлекет басшысының Сыртқы істер министрлігінің сыртқы экономикалық қызметін экономикаландыру жөніндегі тапсырмасының аясында 2019 жылғы 7-8 наурыз аралығында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Е.Көшербаев Мажарстанға жұмыс сапармен келді.

Сапар барысында Мажарстан Сыртқы экономикалық және сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Л.Мадьярмен, Мажарстан Қаржы министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Г.Гионмен, Мажарстан Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Л.Паррагпен, сондай-ақ агроөнеркәсіп, медицина және тоқыма секторындағы бірқатар компаниялармен кездесулер болды.
Үкімет құрылымдарының өкілдерімен кездесулер барысында екіжақты және көпжақты форматтағы өзара іс-қимыл талқыланды. Тараптар жаһандық және өңірлік мәселелер бойынша өзара түсіністік пен көзқарас үйлесімділігін атап өтті.
Сонымен қатар сапар барысында Мажарстан Премьер-министрінің орынбасары, Қаржы министрі М.Варганың сәуір-мамыр айларына Астанаға жоспарланған сапары да талқыланды. Аталған сапар шеңберінде ҚР Сыртқы істер министрі Б.Атамқұловпен бірлесе Қазақстан-Мажар Стратегиялық кеңесінің кезекті отырысын өткізу көзделеді.
Одан басқа, үстіміздегі жылдың  мамыр айында  Мажарстан Сыртқы экономикалық және сыртқы істер министрі П.Сийартоның XII Астана экономикалық форумына қатысу үшін Астанаға сапары жоспарда бар.
Мажарлық саясаткерлер елдің бизнес делегациясына басшылық жасайды. Мажарстанның іскер тобы сауда ынтымақтастығына тың серпін беріп, екіжақты сауда айналымын жандандыруға және Қазақстан мен Мажарстан арасында өзара іс-қимылдың экономикалық тетіктерін іске асыруға ниет танытты.
Е.Көшербаевтың сапары барысында Қазақстан-Мажар Тікелей инвестициялар қорының әлеуетін іске асырудың практикалық аспектілері талқыланды. Атап айтқанда, тараптар   4 сәуірде ашылатын Ақтөбе облысындағы ірі жылыжай шаруашылығы құрылысын аяқталғандығын атап өтті.
Жалпы, сапар екі елдің екіжақты ынтымақтастығын жандандыруға серпін берді. Будапешт Қазақстанды Орталық Азиядағы басты стратегиялық әріптесі санайды, сауда қарым-қатынасын дамытуға, Қазақстан экономикасының агроөнеркәсіп және индустрия секторына инвестицияны ұлғайтуға әзірлік танытып отыр.

Гүлбаршын САБАЕВА,

 «Еgemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ