Қазақстан • 12 Наурыз, 2019

Белсенді жастар аймақ басшысымен кездесті

998 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласында облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың белсенді жастармен кездесті.

Белсенді жастар аймақ басшысымен кездесті

Кездесуге «Атамекен» балалар ауылының тәрбиеленушілері, Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарында білім алған түлектер және түрлі салаларда жетістіктерге жеткен жастар қатысты.

Алқақотан отырысты айтыскер Мұхтар Ниязов пен Жастар ресурстық орталығының «Орталық студия» жобасының жүргізушісі Бағлан Қалиев жүргізіп отырды.

Қызылорда облысында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.

Атап айтсақ, өңірде мемлекеттік жастар саясатын дамыту бойынша 2021 жылға дейінгі Жол картасы әзірленді.

Қызылордада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Сырдарияның сол жағалауында жастарға қызмет көрсету орталығының құрылысы жүргізілуде.

2017 және 2018 жылдары облыс түлектерінің 97% жоғары және орта арнаулы оқу орындарына түсті. Қызылорда облысы - Ресей Федерациясы Үкіметінің гранты есебінен Ресейдің жетекші техникалық жоғары оқу орындарында білім алуға жағдай жасаған республика бойынша жалғыз аймақ. 2014 жылдан бастап 520 түлек аталмыш грант иегері атанды. Алғашқы 32 түлек жоғарғы оқу орнын 2018 жылы аяқтап, аймақтың кәсіпорындарында жұмыс істеп жатыр. Биыл тағы 123 студент оқуын тәмамдайды. 2018 жылы Мәскеу және Санкт-Петербург университеттеріне тағы 58 қызылордалық түлек оқуға түсті.

Сонымен қатар 2013 жылдан бастап еліміздің жоғары оқу орындарында ауылдық жерлердегі аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балаларын оқытуға облыс әкімінің гранты тағайындалған.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы

Соңғы жаңалықтар