Қазақстан • 13 Наурыз, 2019

Ташкенттен Астанаға 27 сағат 30 минутта жетуге болады

1723 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Туристер мен жолаушылар бұдан былай Ташкенттен Астанаға бір ғана автобус­пен жете алады. Өзбекстан мен Қазақстан арасында жаңа мемлекетаралық Ташкент-Астана автобус бағыты ашылды.

Ташкенттен Астанаға 27 сағат 30 минутта жетуге болады

Жаңа маршруттың ара қашықтығы 1 646 шақырымды құрайды. Ал жол жүру уақыты — 27 сағат 30 минут. Бір жолғы билет құны 312 мың сум (теңгеге шаққанда 14 344 теңге). 

Екі аралықтағы жолдың ұзақтығына байланысты жолау­шыларға заманауи «YUTONG» авто­бустары ұсынылып отыр. Халықаралық автобағыттың алғашқы рейсі 10 наурызда басталды. Алдағы уақытта рейстердің саны әр тараптан күніне 4-ретке дейін артады дейді тасымалдаушы мекеме өкілдері. 

Қазір автобустар Астанадан сағат 15:00-де, 16:00-де, 17:00-де, 18:00-де және Ташкенттен сағат 12:00-де, 14:00-де, 16:00-де, 18:00-де шығатын болады.

Айта кетер­лігі, бүгінде Өзбекстан мен Қазақ­стан арасында алты мемлекет­аралық автобус бағыттары іске қосылған. 

Яғни Ташкент – Шымкент, Ташкент – Алматы, Ташкент – Қызылорда, Ташкент – Түркістан, Нөкіс – Үшқоңыр, Шыршық – Ұшқын.

Естеріңізге салар болсақ, бауырлас ел ара­сындағы ең алғашқы автобус бағы­ты Шымкент – Ташкент бағытында ашыл­ған болатын. Бүгінде көршілес қалалар арасындағы бағыт тұрақты түрде жұмыс атқаруда. Алдағы уақытта Өзбекстан астанасынан еліміздің өзге қалаларына да арнайы бағыт ашу жоспарлануда.

Нұршат ТӨКЕН,

«Egemen Qazaqstan»

ШЫМКЕНТ