Аймақтар • 13 Наурыз, 2019

Түркістанда жаңа туристік аймақ бой көтереді

955 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайы аймағы маңындағы Ортақ елді мекенінен Ясауи кесенесі жақсы көрінеді. Дәл осы аймақтан жаңа туристік аймақ салу қажет. Тұрғын үйлер шығыстық үлгімен салынып, биіктігі 3 қабаттан аспайтын болады.

Түркістанда жаңа туристік аймақ бой көтереді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жаңадан бой көтеретін туристік аймақ жобасымен танысу барысында осылай деді. Сондай-ақ облыс әкімі ылғалдықты артыру үшін қаланы қақ жаратын өзен жүргізіп, айналасына көлшіктер жасау керектігін айтты. Туристер үшін арнайы этноауыл да орналасатын болады. Барлық инфрақұрылым мәселелері шешілуі тиіс Бұл орайда тиісті басқармаларға құрылысты бастау үшін арнайы зерттеу жүргізіп, құжаттамаларын әзірлеу жүктелді.

«Түркістан қаласының кіреберіс қақпасы көрікті болуы тиіс. Облыс орталығына келген туристер әуелі жаңа қаланы көріп, кейін көне қаламен қауышуы қажет. Сол үшін қаланың қақпа тұсында заманауи ғимараттар бой көтеруі керек», – деді облыс әкімі.

Сондай-ақ өңір басшысы қаланы суландыру жүйесі, жасыл желек жұмыстарына қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Egemen Qazaqstan»

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше