Қазақстан • 13 Наурыз, 2019

Қарағанды автовокзалынан мереке күндері қосымша автобустар жүреді

913 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Наурыз мерекесінде Қарағанды автобекетінен адам көп баратын бағыттарға қосымша автобустар қатынайды. Олардың саны сұранысқа байланысты болады. 

Қарағанды автовокзалынан мереке күндері қосымша автобустар жүреді

Әзірге бұл қосымша рейстер 20 және 21 наурызға жоспарланған. Олар Қаражал, Павлодар, Киевка, Атасу , Жезқазған, Шымкент, Алматы, Қызылорда, Балқаш және Ақтоғай бағыттары бойынша жүреді. Наурыздың 20-ы күнгі рейс кешкі уақытқа белгіленді.Ал наурыздың 21 күні рейс таңертең және кешкі уақытқа белгіленді. 

Қажет болған жағдайда рейстер саны мен жолаушылардың сұрауы бойынша бағыттар да көбеюі мүмкін. 

Әзірге 22 наурыз күніне қосымша автобустар кестесі әлі анықталмады.