Қазақстан • 14 Наурыз, 2019

Димаш Тhe World's Best байқауынан кетіп қалды

1465 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әнші Димаш Құдайберген Америкадағы «The World's Best» байқауынан кетіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


 

Димаш Тhe World's Best байқауынан кетіп қалды

Онда Димаш балалармен бірге сынға түскісі келмейтіндігін айтқан және қазылар алқасынан өзін түсінуді өтінген.

«Сіздердің алдарыңызда өнер көрсету мен үшін үлкен бақыт екенін айта келіп, бүгінгі сайыста екі кішкентай балапандармен сайысудан (бәлкім сайысуға - авт.) бас тарту керек екенмін (...) Сол себептен сіздердің рұқсаттарыңызбен бұл сайыстың тізгінін кішкентай бүлдіршіндерімізге қалдырғым келіп отыр», - деді Димаш.

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген Америкадағы «The World's Best» байқауының финал алдындағы шоуында бірінші болып келе жатқан еді. Қазақстандық әнші «The World's Best» байқауының алғашқы турларында әнсүйер қауымның құлағының құрышын қандырған S.O.S d'un terrien en détresse композициясын орындап, көпшіліктің көңілінен шықты.