Аймақтар • 14 Наурыз, 2019

Ақтөбе облысының әкімі көпбалалы аналармен кездесті

926 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин көп балалы аналармен, халықтың әлеуметтік жағынан осал және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Ақтөбе облысының әкімі көпбалалы аналармен кездесті

Кездесу барысында Елбасының «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде айтқан жаңа әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыру, табысты көтеру және аз қамтылған азаматтарды қолдау, табысы төмен отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету, білім беру және денсаулық сақтау салаларының сапасын жақсарту жөнінде құрылымды сұхбат болды.

Оңдасын Оразалин Президент тапсырмаларына байланысты енгізіліп жатқан жаңалықтарды жете түсіндірді. Облыс әкімі сұхбаттастарының көп балалы аналарға, жалғызбасты аналар мен азаматтардың басқа да әлеуметтік жағынан осал топтарына қатысты сұрақтарына жауап берді.

Кездесу соңында өңір басшысы жеке сұрақтар бойынша қабылдау жүргізді.