Қысқы спорт • 15 Наурыз, 2019

Биатлоннан әлем чемпионаты: Қазақстан командасы үшін жекелей сын аяқталды

911 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Швецияның Эстерсунд қаласында өтіп жатқан биатлоннан әлем чемпионатында ерлер арасындағы 20 шақырымдық бәсеке аяқталды. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Биатлоннан әлем чемпионаты: Қазақстан командасы үшін жекелей сын аяқталды

Бір өкініштісі, қазақстандық биатлоншылар айтарлықтай жоғары нәтиже көрсеткен жоқ. Роман Еремин 54-ші, Тимур Куц 77-ші, Сергей Сирик 89-шы орынға тұрақтады.

Бұл сында германиялық Арнд Пайффер жеңімпаз атанса, болгариялық Владимир Илиев күміс, норвегиялық Тарьей Бе қола медаль иеленді.