Аймақтар • 15 Наурыз, 2019

Шымкент пен Ташкент арасында білім саласында әріптестік орнады

1088 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мұнан былай шымкенттік студенттер Ташкентте білімдерін жетілдіре алады. Бұл туралы шаһардағы жоғарғы педагогикалық оқу орындары мен Өзбекстан астанасының колледждері арасында өткен екі жақты келісімде айтылды. Арнайы меморандумға қол қойған қос тарап бұдан өзге де келісімдерге келісті.

Шымкент пен Ташкент арасында білім саласында әріптестік орнады

Бауырлас халықтар енді білім жүйесінде тәжірибе алмаспақ. Ол үшін Ташкент педагогикалық институтының делегаттары қаламызға арнайы келді. «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі халықаралық ынтымақтастық» форумында қос елдің білім саласының жауаптылары өзара тәжірибелерімен бөлісіп, білім сапасын бірлесіп жетілдіруге уағдаласты.

«Шымкент қаласына бір топ оқытушылармен Ташкенттен келдік. Сапарымыздың мақсаты Шымкент колледжі мен Ташкент коллдждері арасында тәжірибе алмасу. Сондай-ақ, қос елдің арасында достық қарым қатынасты нығайту», дейді Ташкент педагогикалық колледжі директоры Мухаббат Хайдаралиева

Білім саласындағы тың серпілістерді игеру үшін өткізілген форумда шәкірттерді мобильді алмасу арқылы оқыту жайы сөз болды. Айта кетейік, келесі кезекте Ташкентке тек студенттер емес ұстаздар да білім жетілдіру үшін бару көзделуде.

«Жақын шет елдердегі коллдеждермен алғаш рет келісімге келіп отырмыз. Осы күнге  дейін біздің тәжірибемізде алыс шетелдердің коллдждерімен тәжірибеміз болған. Кембридж аймақтық коллдежі мен Малайзиядағы коллджедермен келісімшарттар бар. Өткен жылы өкілдеріміз Кембридждің колледжіне жазғы мектепке барып оқып келген», дейді Шымкент жоғары педагогикалық колледж директоры Гүлнар Ибрагимова.

Қаламыздағы Шымкент жоғары педагогикалық колледжі алдағы уақытта Малайзия және Сингапур оқу орындарымен де шарт жасалмақ. Сондай-ақ жоспарда Ресей Федерациясы да бар.

Нұршат ТӨКЕН,

«Egemen Qazaqstan»

Шымкент