Аймақтар • 15 Наурыз, 2019

Yessenov University Амал мерекесін кең көлемде тойлады

1987 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау өңірінің әлеуметтік-экономикалық салаларына мыңдаған мамандар даярлап, экономикалық-шаруашылық, мұнай-газ, құқық, оқу-ағарту, құрылыс т.б. салаларының өркендеуіне қомақты үлес қосып келе жатқан Yessenov University  биыл Амал тойын айрықша атап өтті.

Yessenov University Амал мерекесін кең көлемде тойлады

Университет алаңына 5 факультет, 1 колледж атынан және ректораттың атынан барлығы 7 киіз үй тігіліп, сахна және алтыбақан құрды. Қонақтарды өнерпаз студенттер ән мен жырдан шашу шашып қарсы алса, қаз-қатар тізілген келіндер сәлем етіп қарсы алды.

Амал тойға жианлған қонақтарды және университет ұжымы мен студенттерді оқу орнының ректоры Б.Ахметов құттықтады.

Сахнада студенттердің күшімен көріністер дайындалып, баланың өмірге келген сәтінен бастап, есейіп-ержеткенге дейінгі салт-дәстүр көріністері көрсетілді. «Құда түсу» дәстүрін Базалық факультеті, «Қыз ұзату» дәстүрін Инжиниринг факультеті, «Беташар» дәстүрін Педагогика факультеті, «Бесікке салу» дәстүрін  Бизнес және құқық факультеті, «Тұсау кесу» дәстүрін  университет колледжі көрсетсе, той аясында «Ең үздік сахналық қойылым», «Ең әдемі ақбоз киіз үй», «Ең әдемі киім - ұлтының киімі», «Ең ұзын шаш» байқауы өткізіліп, кір тасын көтеру, арқан тарту, қошқар көтеру сайсытары мен «Есенов барысы» палуандар сайысы өткізіліп, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Амал тойы концерттік бағдарламалармен жалғасты.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Egemen Qazagstan»

Маңғыстау облысы