Қазақстан • 18 Наурыз, 2019

Бұл – әлеуметтік саясаттың жаңа үлгісі

1070 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Нұр Отан» партиясының кезекті ХVIII съезі сыртқы және ішкі жағдайдың жанданған тұсымен пара-пар келді. Сыртқы экономикалық ахуалдың күрделеніп, кіріс­тердің объективті төмендеуі халықтың әлеуметтік күтілімдері өскен уақытта тұрақтылыққа кері әсерін тигізбей қоймады.

Бұл – әлеуметтік саясаттың жаңа үлгісі

Шынтуайтында, партия съезі азаматтарды әлеуметтік қол­­­дау­дың соңғы уақытта ауқы­м­ы жағынан теңдессіз бағ­дар­ла­ма­сын тудырған қуатты тұғыр­намасы бола білді. 

Бүгінгі таңда Қазақстан бюд­­ж­етінің 45 пайызы әлеу­мет­тік салаға бөлінетініне қара­мас­тан, елімізде бұл салада мем­лекеттің рөлін одан әрі күшей­те түскен нақты сұраныстар қалып­тасты. Бұл, әсіресе, көп бала­лы отбасыларды қорғауда нақты көрініс тауып отыр. 

Сонымен қатар мемлекет білім беру мен денсаулық сақ­тау салаларына қосымша қар­жы қарастырып отыр. Бұл өз кезегінде Қазақстандағы адами капиталдың сапалы өсуін қамтамасыз етіп, білім деңгейі мен өмір сүру ұзақтығының артуына ықпал етуі тиіс. Бұдан бұрын Үкіметтегі әлеуметтік сала басшылығы, вице-министр, Білім және ғылым министр­лігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министр­лігі басшылары толығымен қай­та тағайындалды. Аталмыш кадр­лық өзгерістер ескі қате­ліктерге ұрынбай, сер­пінді жұмыстарды жаңа парақтан бастауға мүмкіндік береді. 

Өз сөзінде Мемлекет басшысы әлеуметтік салаға бөлін­­ген мемлекеттік қаржылық қол­даудың артуы масылдық ниет­ті туғызбауы тиіс, керісінше әлеу­­­меттік саясат мейлінше тең­­­­герімді болуы керек деді. Бұ­­дан Президент ұсынған баста­ма­лар саясиланбағанын әрі терең ойлас­тырылғанын түсінуге болады. Осылайша, кезекті съезд сайлауалды қадам емес, еліміздің кешенді дамуының ұзақмерзім­ді нәтижесіне қол жеткізуге бағыт­талған шынайы әлеуметтік саясат екені сөзсіз. 

Тұтастай алғанда, мемлекет басшысы «Нұр Отан» пар­тия­сының ХVIII съезінде сөйлеген сөзінде жаңа Үкіметтің алдағы жұмыстарының басты мақсат-міндеттерін айқындап берді. Бұған дейін Президент Жол­дауында көрініс тапқан әлеу­мет­тік бас­т­амалар мен «Нұр Отан» съезін­де қабылданған жаңа мін­деттер Қазақстан дамуы­­ның алдағы 5 жылдағы ба­сым бағыттары болары күмәнсіз. 

Ержан Салтыбаев, 

Әлемдік экономика және саясат институтының директоры