Қазақстан • 18 Наурыз, 2019

Теннисшілердің әлемдік рейтингі жаңартылды

870 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін ерлер мен әйелдер арасындағы теннисшілердің әлемдік рекорды қайта жаңартылды.

Теннисшілердің әлемдік рейтингі жаңартылды

Әйелдер арасында «ТОП-100» теннисшілер санатына енген Юлия Путинцева мен Зарина Диас өздерінің көрсеткіштерін жақсартты. Өткен аптамен салыстырғанда үш сатыға жоғарлаған Путинцева қазір WTA тізімінде 44 орынды иеленсе, Диас 94 орынға жайғасты. Ал бірден 31 сатыға ілгерілеген Елена Рыбакина 163 орынды еншіледі. Ерлердің АТР рейтингінде еліміздің бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин 43 орнын сақтап қалды. Александр Недовесов 185 сатыға табан тіреп тұр.

Әлемнің үздік теннисшілер рейтингін мына ойыншылар бастап тұр:

Ерлер – 1. Новак Джокович (Сербия), 2, Рафаэль Надаль (Испания), 3. Александр Зверев (Германия), 4. Роджер Федерер (Швейцария) және 5. Хуан-Мартин дель Потро (Аргентина).

Әйелдер – 1. Наоми Осака (Жапония), 2. Симоне Халеп (Румыния), 3. Петра Квитова (Чехия), 4. Слоан Стивенс (АҚШ) және 5. Каролина Плишкова (Чехия).

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»