Қазақстан • 19 Наурыз, 2019

Ақтаулық университет пен эстониялық оқу орны арасында меморандумға қол қойылды

1042 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті басшылығы және оның құрамындағы Теңіз Академиясы Қазақстан Республикасындағы Эстония Республикасының Елшілігі өкілі Хейти Мяемеэстің бастауымен екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында іссапармен келген эстониялық Таллин технология университетінің делегация мүшелерімен кездесу өткізді.

Ақтаулық университет пен эстониялық оқу орны арасында меморандумға қол қойылды

Кездесу барысында университеттегі цифрландыру бағытындағы жұмыстарымен, одан әрі Теңіз Академиясының жұмыс аясы және ондағы теңіз оқу-жаттықтыру орталығымен танысып ой бөлісті. Екі университет арасындағы ынтымақтастық бағыттары мен түйіндері анықталып  Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің Теңіз Академиясы мен Таллин технология университетінің Теңіз Академиясы арасында  ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы