19 Наурыз, 2019

«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мерекесін кітапханашылар атап өтті

1916 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыстың ұлы күні –Наурыз мерекесі Ұлттық кітапханада тойланды. Қазақ даласына көктемдей нұрлы, күн дидарлы шуақты күндермен қатар келетін Наурыз мейрамы – ғасырдан-ғасырға жалғасып, ерекше реңкте тойланып келе жатқан түркі халықтарының төл мерекесі. «Наурыз – көктем мейрамы, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың, жаңа өмірдің басталуы. Ұлыстың ұлы күні қазақ халқы үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған.

«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мерекесін кітапханашылар атап өтті

Наурыз мейрамында қазақ халқы бір-бірлеріне деген өкпе-ренішті ұмытып, мейірімділіктің озық үлгісін танытқан» деп көркем үнмен ұлыс мерекесін қарсы алған Ұлттық кітапхана қызметкерлері Наурыз мейрамының Қазақстан халқы үшін рухани-мәдени тәрбиелік мәнін арттырып, маңызын дәріптеп, отбасылық мереке ретінде қалыптастыруды мақсат ете отырып ұйымдастырған.

Бұл күні қазақтың ұлттық дәстүрлеріне, соның ішінде көрісу, қайырымдылық жасау, ақ дастархан күні деп ерекше мазмұн бере отырып, бағдарлама аясында қазақтың ұлттық тағамдары әзірленіп, қатысушылар үшін дәм тартылады. Кітапхана ұжымы ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғырту үшін,қысқаша мазмұнды көріністер қойып, қазақтың ұлттық аспаптарында өнер көрсетті.

Наурыз мейрамын жаңа үлгіде атап өтуді құптаған ұжым Наурыз мерекесі аясында әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасыларға арналған қайырымдылық шарасын өткізді. Балаларға наурыз белгілерін айшықтайтын базарлық-сый таратылды.

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше