Аймақтар • 19 Наурыз, 2019

Павлодар әкімдігінде аудиторлық тексеріс және көліктік бақылау жүргізу мәселелері талқыланды

1055 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгін облыс әкімдігінің мәжіліс залында Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетовтің төрағалығымен облыстық басқармалар мен департаменттердің басшыларының қатысуымен кеңес өтті. Ол кадрлық тағайындаулармен басталды. Бұл туралы Павлодар облысының баспасөз қызметі хабарлады. 

Павлодар әкімдігінде аудиторлық тексеріс және көліктік бақылау жүргізу мәселелері талқыланды

Сонымен, Қостанай облыстық мәслихатының шешімімен Костюков Дмитрий Анатольевич - Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы болып тағайындалды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысының бұйрығымен Естаев Абзал Куанышбекұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшының міндетін атқарушысы болып тағайындалды.

Кеңесте күн тәртібіндегі екі мәселе тұрды.

Бірінші «2018 жылға арналған Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының өткізілген аудиторлық іс-шараларының нәтижелері туралы» мәселесі бойынша Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының жаңа ғана тайындалған төрағасы есеп берді.

Костюков өткізілген аудиторлық іс-шаралардың саны туралы, аудит қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды және қабылданған шаралар туралы баяндады. Сондай-ақ, Костюков аудит бұзушылықтарын жіберген обьектілердің алдын-алу, ескерту және түсіру туралы және мемлекеттік аудиттің сапалы жүргізілуі туралы айтты.

Сонымен қатар ол жүйелі түрде жіберілетін бұзушылықтар туралы да мәлімдеді.

Тексеру комиссиясының төрағасы: «Еңбекақыны, демалыс жалақысын және басқа төлемдерді негізсіз есептеу және аудару; автокөлік құралдарының шектеу нормалары мен жүру лимитін сақтамау; іссапар шығындарын есептеу және төлеуде жіберілген бұзушылықтар жүйелі түрде анықталуда. Сондай-ақ бюджет қаражатын тиімді пайдаланбау туралы» ақпараттарды жіпке тізіп берді.

«Қостанай облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының   2018 жылға арналған қызметі туралы» мәселесі бойынша Қостанай облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Ж.Қ. Арапбаев сөз сөйледі.

Ол инспекция қызметінің бағыты және 2018 жылы атқарылған жұмыс туралы айтып берді.

«Инспекция Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасының көлiк саласындағы заңдарды және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын өз құзыретi шегiнде қамтамасыз ететiн функцияларды орындайды. Осылайша, 2018 жылы барлығы  1614 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, ал жеке және заңды тұлғалар 98,603 мың теңге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 85 656 мың теңгесі жиналды, бұл 87% құрайды» деді Арапбаев.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қорытындылай келе, бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселелері маңызды екенін және қалалар мен аудандар әкімдеріне барлық бағыттар бойынша үнемі бақылауда ұстау керектігін тапсырды.

Облыс әкімі Қостанай облысында көліктік бақылау мәселесі бойынша айыппұл тұрағы мен автокөліктерді өлшейтін арнайы орындарды құру мәселесін қарастыруды, сондай-ақ келе жатқан су тасқыны кезеңінде ауыр көлік құралдарының қозғалысын бақылауды күшейтуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше