Қазақстан • 19 Наурыз, 2019

Сенат тағайындауға келісім берді

1023 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен болған Сенат отырысында Жоғарғы палата депутаттары Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстанның Бас прокуроры етіп Ғизат Нұрдәулетовті тағайындауға келісім берді деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Сенат тағайындауға келісім берді

Қазақстан Республикасы Прези­ден­тінің Бас прокурор лауазымына тағайындауына келісім беру Сенат­тың ерекше қарауына жатады және еліміздің Конституциясы мен «Про­ку­ратура туралы» Заңының ережелерінде көзделген. 

Депутаттар ұсынысқа бірауыздан дауыс берді. Жоғарғы палата Төрағасы Қ.Тоқаев жаңадан тағай­ын­далған Бас прокурорға жұмысының табысты болуына және жүктелген мін­деттерді абыройлы атқаруына тілек­тестігін білдірді.