Қазақстан • 19 Наурыз, 2019

Роман Скляр: Жыл басынан бері 15 мың баспана пайдалануға берілді

1006 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл жыл басынан бері барлық қаржы көздері есебінен 1,7 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 15 мың баспана пайдалануға берілді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Үкімет отырысында айтты.

Роман Скляр: Жыл басынан бері 15 мың баспана пайдалануға берілді

«5 өңірде тұрғын үйлерді пайдалануға беру қарқыны төмендеген. Олар: Астана қаласы (-35,2%), Павлодар (-52,3%), Шығыс Қазақстан (-47%), Батыс Қазақстан (-40,6%) және Ақмола (-5,2%) облыстары. Астана және Алматы қалаларында Үкіметтің жасаған меморандумдары аясында тұрғын үйді пайдалануға берудің жоспарлы көрсеткіштері 1,2 млн шаршы метрге азайды. Бұл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының жыл сайынғы мақсатты индикаторына қол жеткізуге әсер етуі мүмкін» деді Роман Скляр.

Сондай-ақ ол аталған өңірлерге құрылыс қарқынын күшейту қажет екенін атап өтті.

«Жаппай тұрғын үй құрылысы жүріп жатқан аудандарға инженерлік желілерді салу үшін биыл 81,7 млрд  теңге бөлу қарастырылып отыр. Өңірлерді қаржыландыруды бастап кеттік» деді ол.

Министрліктің ақпаратына сүйенсек, осы айдан бастап қаржыландыру жоспары бойынша өңірлерге 4,8 млрд теңге аударылған.