Қазақстан • 19 Наурыз, 2019

Роман Скляр: 25 жылда 56 мың көпбалалы отбасыға займ беріледі

842 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

3 реттік айналым есебінен 25 жылда 56 мың көпбалалы отбасыға займ берілетін болады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Үкімет отырысында айтты.

Роман Скляр: 25 жылда 56 мың көпбалалы отбасыға займ беріледі

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы көпбалалы отбасылар, мүгедек балалары бар немесе мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар және толық емес отбасыларға 20 жылға дейін алғашқы жарнасы 10% болатын жылдық ставкасы 2% жеңілдетілген кредиттеу жүйесін енгізу ұсынылады» деді Р.Скляр.

Оның айтуынша, алғашқы жарнаға тұрғын үй сертификатын пайдалануға мүмкіндік бар.

«Аталған механизмді 3 жыл  ішінде іске асыру үшін жыл сайын 50 млрд теңгеден 150 млрд теңге қажет болады. Жыл сайын 6 мың займ беру жоспарлануда, сонымен қатар әкімдіктер тарапынан 2 мың пәтер сатып алу қамтамасыз етіледі» деді ол.

Министрліктің ақпаратына сәйкес, 3 реттік айналым есебінен 25 жылда 56 мың көпбалалы отбасыға займ берілетін болады.