Қазақстан • 20 Наурыз, 2019

Қостанай облысында 500 тұрғын «Бастау» жобасының аясында партаға отырды

884 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыста «Бастау» оқыту жобасы басталды. Бірақ биыл бизнес әліпбиін оқып, сертификат алғысы келетіндердің саны былтырғыға қарағанда күрт қысқарды, олар  бір мың адамнан сәл ғана асады. Ал өткен жылы осы жоба бойынша 2300 адам сертификат алған еді. Бірақ мұның есесіне жастар жаңа «Жас кәсіпкер» жобасында өзінің бағын сынап көруіне болады.

Қостанай облысында 500 тұрғын «Бастау» жобасының аясында партаға отырды

«Бастау» жобасына қатысуға қазір 700-дей адам ғана өтініш білдірді. Бұл бойынша оқыту облыстың 16 ауданы мен қалаларында өтеді. Үш лек шеңберінде 1140 адамды оқыту жоспарланды. Бұл әрине, былтырғыдан екі есе аз. Біз тұрғындар әлі де өтініш береді деген ойдамыз» дейді Қостанай облыстық кәсіпкерлер палатасының қаржылық емес қолдау бөлімінің бастығы Роберт Юсупов.

Оқуға тілек білдіргендер алдымен кәсіпкерлік негізі бойынша тестілеуден өтеді. Бұл психологиялық тест оларды адамның әлеуетін ашып, оны түрлі жағдайда тығырықтан шығуға бағыттайды. Оқу 25 күнге созылады, бұл үшін қатысушыларға стипендия төленеді. Сертификат кәсіпкерлікке талпынғандарға грант пен жеңілдікпен берілетін несие ұтып алу үшін беріледі.

«Жас кәсіпкер» жобасы Қостанай облысында биылғы жылдың екінші жартысынан басталады. Оған 18 бен 29 жас аралығындағы жұмыссыз жастар қатысады.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай