Қазақстан • 20 Наурыз, 2019

Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ Қостанай облысына келді

1096 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елшімен бірге делегация құрамында француздың ірі және бірлескен қазақстан-француз компанияларының өкілдері келді. Бұл туралы Қостанай әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ Қостанай облысына келді

Келген сапарларының мақсаты Қостанай облысына арналған инвестициялық жобаларды ұсыну болатын.

Қонақтарды ыстық ықылыспен қарсы алған Архимед Мұхамбетов, Қостанай облысы мен Францияның арасындағы 2018 жылғы тауар айналымы 2 млн. астам АҚШ долларын құрап отырғанын хабарлады. «Әрине, бұл өте үлкен айналым емес, бірақ біз өсіп келеміз» деп мәлімдеді облыс әкімі.

Мысал ретінде А.Мұхамбетов «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-не сілтеме жасап, оның негізінде француздық «Peugeot» маркалы автокөліктері шығарылатынын айтты.

Өз жобаларын «Отрада» (Қазақстандағы тұқымдық шошқа өсіру компаниясын құру және жергілікті нарыққа жеткізу, Қытайға экспорттау) және «Еврокоптер Казахстан инжиниринг» (тікұшақтарды жасау және жеткізу) компаниялары таныстырды.

«Біз индустриалды аймақта, сондай-ақ облыстың басқа да аймақтарында өндіріс орындарын орналастыруға қызығушылық танытқан француз инвесторларының ұсыныстарын қарастыруға және оларды қолдауға дайынбыз» деп түйіндеді облыс әкімі.