Президент • 20 Наурыз, 2019

Елбасы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісімен кездесті

938 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тату көршілік қарым-қатынастарды одан әрі нығайтудың және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Елбасы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісімен кездесті

Қытай дипломаты Чжан Сяо Нұрсұлтан Назарбаевқа Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің биылғы сәуірде Бейжің қаласында өтетін «Бір белдеу, бір жол» атты ІІ халықаралық ынтымақтастық форумына шақыруын жеткізді.