Спорт • 20 Наурыз, 2019

«Әскер барысы» турнирінің жеңімпазы анықталды

1016 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семейде қазақ күресінен «Әскер барысы» турнирінің жеңімпазы анықталды. Қарулы күштердің сардарлары мен сарбаздары арасында өткен сайыста 30-дан аса түйе балуан бақ сынады.

«Әскер барысы» турнирінің жеңімпазы анықталды

Жарыс қорытындысы бойынша Әскерилердің Орталық спорт клубының (ӘОСК) өкілі, кіші сержант Талғат Әміреновке тең келер ешкім табылмады. 30 жастағы Шығыс Қазақстан облысы тумасының дзюдо күресінен өткен талай дүбірлі додада топ жарғанын жанкүйерлер жақсы біледі. Самбоны да ол жетік меңгерген. Қазақ күресінен өткен «Әскер барысы» турнирінде Әміреновтің бұрындары да топ жарған. Биылғы доданың ақтық сынында Талғат Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметкері, лейтенант Әлібек Зекеновты ұтты. Ал үшінші орынға ӘОСК-нің өкілді, қатардағы сарбаз Әділ Оразбаев табан тіреді.     

Айтулы жарыста жеңіске жету оңай болмады. Қарсыластарымның барлығы да жақсы даярлықпен келген екен. Десек те мен барымды салып, көздеген мақсатыма қол жеткіздім. Енді «Қазақстан Барысы» турниріне тыңғылықты даярланамын. Сол жарыста еліміздің Қарулы күштерінің намысын қорғау мен үшін үлкен мақтаныш, – дейді Талғат Әміренов.      

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»