Қазақстан • 20 Наурыз, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасына алғыс айтты

1159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Парламенттің бірлескен отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев ант берді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасына алғыс айтты

«Кеше наурыздың 19-ы күні барша әлем жұртшылығы аса маңызды тарихи оқиғаға куә болды. Қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаушы, ұлы тұлға,  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз еркімен Мемлекет басшысы өкілеттігін тапсырды. Елбасының бұл жігерлі шешімі оның жаһандық деңгейдегі және тарихи ағымдағы саяси қайраткер ретінде ұлылығын көрсетті» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол біздің қол жеткізген жетістіктеріміз, Қазақстан Республикасының киелі тәуелсіздігі Н.Назарбаевтың қажырлы еңбегінің арқасында мүмкін болғанын айтты. Елбасы Кеңес Одағының күйреген қалдықтары ғана қалған күрделі геосаяси жағдайда жаңа мемлекеттің іргесін қалады және оның көшін бастағанын баса айтты.

«Көптеген теріс болжамға қарамастан мемлекетті барша әлем мойындаған табыстарға жеткізді. Дүниежүзі картасында қарқынды даму, демократия, келісім мен бейбіт өмірдің шынайы символына айналған мемлекет пайда болды» деді ол.