Қазақстан • 20 Наурыз, 2019

Қ.Тоқаев: Саяси шешім қабылдауда Елбасының пікірі басым мәнге ие болады

1264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев саяси шешім қабылдауда Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірі басым мәнге ие болатынын мәлімдеді.

Қ.Тоқаев: Саяси шешім қабылдауда Елбасының пікірі басым мәнге ие болады

«Елбасының беделді пікірі стратегиялық сипаттағы шешімдерді әзірлеу және қабылдау барысында басым мәнге ие болады деп айтуға болады. Осылайша, біз билікті бейбіт жағдайда жүзеге асырамыз. Бұл ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етудің және Қазақстанның халықаралық беделін нығайтудың қуатты факторы болмақ. Сондай-ақ бұл біздің халқымыздың жоғары саяси мәдениетінің, оның айрықша даналығының тағы бір көрінісі. Болашақ ұрпақ үшін де бұл жақсы үлгі» деді Тоқаев Қазақстан халқына ант беру рәсімі барысында.