Қазақстан • 20 Наурыз, 2019

Қ.Тоқаев Елбасының еңбегін жоғары бағалады

1244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Парламенттің бірлескен отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қажырлы еңбегін жоғары бағалады.

Қ.Тоқаев Елбасының еңбегін жоғары бағалады

«Елбасының қажырлы еңбегінің арқасында халқымыз төл тарихында тұңғыш рет өзін туған жердің заңды иесі сезінді, баршамыздың жүрегімізді Отан үшін мақтаныш сезімі кернеді. «Қазақстан-2050» Стратегиясы, «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясаты, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары елімізді жаңғыртуға, Қазақстанның экономикалық әлеуетін одан әрі нығайтуға бағытталған» деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай қадамның халықаралық аренадағы тұрақсыздық пен дағдарыстар жағдайында аса маңызды екенін атап өтті.

«Қазіргі Қазақстан – нарықтық экономикасы қалыптасқан, демократиялық әрі зайырлы мемлекет. Елімізде жекеменшік институты орнығып, орта таптың жағдайы жақсарды және кәсіпкерлік қарқынды дами түсті. Барлық өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелер уақытылы шешімін тауып келеді» деді Қ.Тоқаев.