Қазақстан • 20 Наурыз, 2019

Сенаттың жаңа спикері алғашқы үндеуін жасады

1028 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы болып сайланған Дариға Назарбаева алғашқы үндеуін жасады деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенаттың жаңа спикері алғашқы үндеуін жасады

«Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев, әріптестер, қымбатты қазақстандықтар! Ең алдымен Сізге маған көрсеткен жоғарғы сеніміңіз үшін шын жүректен шынайы алғысымды білдіргім келеді. Парламенттің еліміздің саяси және қоғамдық өміріндегі, әсіресе, осынау тарихымыз үшін сындарлы сәттегі рөлін терең сезінемін. Елбасымыз қоғамды жаңғырту, қоғамның әлеуметтік аз қамтылған топтарын  әлеуметтік қолдауды күшейту және қорғауды күшейтуге ауқымды міндеттер қойды», - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар Сенат спикері елді дамыту стратегиясы мен қойылған мақсаттарды заңнамалық қамтамасыз ету - бірінші кезекте адамдардың өмірін жақсартуға, Қазақстан мемлекетін нығайтып, өркендетуге бағытталғандығын атап өтті.

«Сіздерге маған көрсеткен жоғарғы сеніміңіз үшін тағы да алғысымды білдіріп, өзімнің барлық білім, қабілетімді алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге жұмсаймын деп сендіремін», -  деп атап өтті Дариға Назарбаева.