Қазақстан • 21 Наурыз, 2019

ШҚО-ның 10 000 тұрғыны Елбасына қолдау білдірді

941 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысының 10 000-нан астам тұрғыны Елбасына қолдау білдіріп, хат жолдады.

ШҚО-ның 10 000 тұрғыны Елбасына қолдау білдірді

Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы!

Біз, шығысқазақстандықтар, Сіздің кешегі халыққа арналған тарихи Үндеуіңізді зор толқыныспен тыңдадық.

Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихы Өзіңізбен байланысты.

Сіз бүгінгі, жаңа Қазақстанның негізін қалаған Ұлы тұлғасыз.

Мемлекет, егемендік, даму мен тарих Сіздің есіміңізбен үндес. Біз үшін Сіз жай ғана мемлекет басқарушы емессіз, Сіз – Тұңғыш Президентсіз, Қазақстанның халықаралық аренадағы абыройын асырып, атын төрткүл дүниеге танытқан Ұлы саясаткер, сарабдал стратег, елін сүйіп, елі сүйген кемеңгер азаматсыз!

Сіз кешегі күйреген кеңестік жүйенің соқпақтарынан сүрінбей өтіп, бір ғана дұрыс жол – дамудың қазақстандық жолын таңдап, заманауи мемлекет құрған қайраткерсіз.

Сіз, туған елі мен халқына жан аямай, әділ де адал қызмет етудің ең жоғары үлгісін көрсетіп, мемлекетімізді әлем назарына зор мақтанышпен таныта алуымызға жол ашқан Ұлы Көшбасшысыз!

Сіз Қазақстанымыздың табысты болып, тарихи миссиясы мен ғаламдық орнын, бақытты тағдырын қалыптастыру үшін бүкіл ғұмырыңызды сарп еткен сарабдал саясаткерсіз!

Қазақстанның азаттық алып, озаттар қатарына ұмтылуы, бабаларымыздың ұлы арманы – Өзіңіздей Ұлы перзенттің арқасында орындалды.

Семей ядролық сынақ алаңын жабу жөніндегі Сіздің тағдыршешті, жаһандық бастамаңыз Шығыс Қазақстан жерімен тікелей байланысты. Сол арқылы Сіз азаттық таңы атқан тұста халқымыздың жасампаздық, гуманизм, жақсылық сияқты құндылықтарды берік ұстанатынын дүние жүзіне паш еттіңіз.

Өңірімізде 105 ұлттың өкілі тату тірлікте егемен елдің ертеңін еселеумен келеді. Қымбатты Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіз, ұлтаралық келісім өзегі болдыңыз. Өзіңіздің арқаңызда ғана біз, түрлі ұлттар арасындағы ауызбіршілік, достық, келісім мен қолдаудың анық бағасына көзімізді жеткіздік.

Бүгінде дүниені дүр сілкіндіріп, мемлекеттердің берекесін қашырған жайттарды көре отырып, Өзіңіз құрған Қазақстанның бірегейлігін жете түсінеміз.

Өзіңіздің арқаңызда, біз, экономикасы дамыған, индустриясы мықты, аграрлық әлеуеті жоғары елде бақытты ғұмыр кешіп келеміз.

Екі онжылдық ішінде Қазақстан басқа әлемдік державалар жүздеген жылдар жұмсаған жаңалықтарды батыл енгізіп, үздіктер қатарына ұмтылды. Тарихи тұрғыдан қысқа мерзімде біздің республикамыз елу үздік және беделді мемлекеттер қатарынан ойып тұрып, орын алды.

Біз, Өзіңіздің туған халқыңыз, ұл-қыздарыңыз іспетті Сізді бүкіл қазақстандықтардың Ұлы Атасы деп асқан құрметпен атаймыз!

Өз Үндеуіңізде Сіз халқыңыздың арқасында Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті атанғаныңызды айтып едіңіз. Өз кезегінде біз, Қазақстан халқы Өзіңіздей Ұлт Көшбасшы бар бақытты ел екенін мақтана жеткіземіз.

Біз жауапты шешіміңізді терең түсініп қабылдай отырып, өкініш сезімінің де барын жасыра алмаймыз. Дегенмен, Өзіңіздің саясатта қалып, асқан жауапкершіліктен бас тартпай, еліне еге болатын Елбасы, Ұлт Көшбасшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы, «Nur Otan» партиясына бағдар беріп, мемлекеттілігімізді нығайту жолында қызмет ететіндігіңізді қуана қабылдаймыз.

Біз Қазақстанымызды Өзіңіздей шынайы сүюге уәде береміз!

Сізге Алатаудай алғысымызды білдіреміз!

Біз үшін Елбасы мен Көшбасшы жалғыз, ол Сізсіз!

Біз Өзіңізбен біргеміз!

Үлкен құрметпен, Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары: металлургия өндірісі, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала қызметкерлері.

Барлығы 10019 қол қойылған