Хоккей • 21 Наурыз, 2019

«Барыс» «Авангардтан» тағы ұтылды

914 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасының Гагарин кубогында «Авангардпен» кездескен елордалық «Барыс» тағы да ұтылып қалды. 

«Барыс» «Авангардтан» тағы ұтылды

Ойындағы есепті «Авангард» ойыншылары ашты. Матчтың 28-минутында Александр Яремчук қақпаны дәл көздеді.

Алайда бір минуттан кейін «Барыс» есепті теңестіруге мүмкіндік алды. Елордалықтардың қуанышына орай, «Авангардтың» хоккейшісі айдыннан қуылған болатын. Осы сәтті ұтымды пайдалана білген астаналықтар қарсыластарын қапы қалдырды. Есепті теңестірген Мэттью Фреттин.

Үшінші кезеңде «Авангард» тағы да алға шықты. Максим Чудиновтың алыстан қақырата ұрған шайбасына «Барыстың» қақпашысы тосқауыл бола алған жоқ. 55-минутта «Авангард» тағы бір шайба соғып, кездесудегі басымдығын айқындай түсті. Гол авторы – Максим Чудинов.

Осылайша, жалпы есеп 3:1-ге жетті. Келесі ойын 22 наурызда Астанада өтеді. Алда-жалда аталған кездесуде «Барыс» тағы ұтылса, турнирмен қоштасады.