21 Наурыз, 2019

Тарихты да жазды, өзі де тарих жасады

1013 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Тарихты да жазды, өзі де тарих жасады

Нұрсұлтан Назарбаев саналы ғұмырын мемлекеттілікті қалыптастыруға арнап, халқын шуақты күндерге жеткізді. Елін шыңға шығарып, аймаққа һәм әлемге танытты. Ол 1990 жылдардан бастап әр қадамы арқылы түркі рухын асқақтатуға бағытталған жоспарлардың дәнін сеуіп, бүгінгі Түркі әлемінің ынтымағына қол жеткізген қайраткер. Тарихты да жазды, өзі де тарих жасады. Ешкімнің алдында елдің еңсесін түсірген жоқ. Ерлердің майданына ер сияқты шықты. Сөйтті де Қағанға лайық іс жасады. Ол – ұлы адам! Ол – дана! Ол – Білге! Кез келген сәтте дұрыс шешім қабылдайды. Сол себепті, бірнеше ай бұрын қазақстандықтар мен күллі Түркі әлеміне арнап «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдар­ла­малық мақаласын жазып, түркі халықтарына насихат айтты. 

Дана қағанымыз бұдан кейін де Түркі әлемінің бірлігі үшін еңбек етеді. Нұрсұлтан Назар­баев көк сұңқарларының байрақ ұстау­шысы, Тәңірі сүйген, Тәңі­рін сүйген түркі әлемінің Көш­бас­шысы! Сізді бауырлас Әзербайжан елінің халқы да сүйеді!

Сөзімнің соңында мына бір жайды атап өткім келеді, менің тағдыр-талайыма Қазақстанда екі мәрте президент сайлауына ба­қы­лаушы болып қатысу жа­зы­­лып­ты. Сол кездерде ха­лық­­тың шын ықы­ласпен дауыс беруге бар­ғанын, сайлау учас­ке­лерінде оған дауыс беруге асық­қанын көр­ген­мін. Халқының сүйіс­пен­ші­лі­гіне бөлену кез келген би­леу­ші­нің маңдайына жазыл­май­ды. Нұр­сұл­тан Назарбаев өз есімін мыңжыл­дық­тар тарихына алтын әріптермен жазған тұлға.

Аида ЭЙВАЗОВА, 

журналист (Әзербайжан)